Please enter your e-mail address. We will send your password immediately.

Менің Дишинкам❤️ Анашым келсе, үйдің іші нұрланып кетеді. Қазір оразаға дайындалып жүр. Ниеті қабыл болсын! Дишинкаммен күні-түні сырласып, әңгімелесуге бармын. Әсіресе өзінің шешесі, Зерекүл әжем туралы әңгімесін тыңдау қызық. Нағашы әжемнің қызықтарын сіздерге де айтып бергім кеп тұр. 🥰 Басым ауырады деп күнде 1 цитромонды төртке бөліп ішеді екен. Сосын құдайға жалбарынып күнде айтатын сөзі бар. «Е-е, Алла Тағала, мені осы абыройыммен жақсылап ала көр, бала-шағамның, немерелерімнің алдында аман-есен төрлете көр! Е-е, Алла Тағала, мені ұмытпа!» — деп құдайдың құтты күні айтатын көрінеді.🙏🏼 Менің ағам қайтыс болғанда, әжем қатты жылаған екен: «Жиенім емес, менің жолым еді ғой. Мені неге ұмыттың, Алла?» — деп.😔 Тағы бір қызық әңгімесі бар. Сая деген немере қызы: «Әже, сіз бақытты кемпірсіз!» деген ғой. Сонда әжеміз: «Сол бақытты бәріңе бөліп бердім, ала ғой!» — депті.🥰 Ол кісінің кемерінен шыққан алты баласы өсіп-өнді. Солардан тараған 26немересі, 87шөбересі, бір шөпшегі бар. Ұрпағының қызығын көрген әжеміздің жолын Дишинкама берсін, анашым да сол жасқа жетсін деген жүрегімде ең ізгі тілегім бар. Сіздерге де соны тіледім! 🙏🏻😇 #әже #ана #қыз #ұрпақтарсабақтастығы #ләйләсұлтанқызы