Please enter your e-mail address. We will send your password immediately.

АЛЛА тағаланың бұйрығымен, 2013 жылы Мекке мен Мәдинада, 2014 жылы Ислам әлеміндегі үшінші қасиетті орын (Мекке мен Мәдинадан кейінгі) Әл-Ақса мешітінде қадір түнін қарсы алу бақыты бұйырды. "Нұр-Қазақстан" @nurkazakhstan компаниясымен Украина арқылы ұшқанбыз. Естеріңізде болса сол жылы Украинада қақтығыс (майдан) болып жатқан кез. Иерусалим қаласында да автомат асынған, қару кезенген Израил әскерін, берекесі кеткен xалықты, күндіз күлкіден, түнде үйқыдан айырылған ата-ананы, жастық шағы жоқ бозбалалар мен бойжеткендерді, балалық шағы жоқ бүлдіршіндерді көрдік. (Қазіргі таңда да Палестина халқының тынышы қашты) Қолында тастан басқа қаруы жоқ қауқарсыз құлдарыңды қолдай көр, ҚҰДАЙЫМ). Сондай сын сәттерде ҚАЗАҚСТАН деген қасиетті елдің төлқұжатын көрген кез-келген ұлт (Украин, Орыс, Араб, Еврей) тікесінен тік тұрып құрметін көрсеткенін, еліміздің әлем алдындағы асқақ абыройын кезекті рет көргенмін. Елге келіп айт намазына сапқа тұрғанда, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған елде бозда ойнап жүрген біздің басымыздың бағы бес елі екен ғой деп АЛЛАға шексіз шүкір еткем. Бейбіт елде баянды ғұмыр кешейік, бауырлар. Ұрпақтарымыздың болашағы жарқын болсын. Төрткүл дүниеде тыныштық болсын. #🤲🇰🇿🕌🕋🍼👼🏻👨‍👩‍👦‍👦💞🏘📚🌎🍞🥛🍯🤝🏇🕊☀️
Көзді ашып-жұмғанша оразаның 20 күні өте шығып, 10-ақ күні қалды. Пітір садақа беруді ұмытып кетпейік, (2 сурет) достар. Сонымен қатар, “Қадір түнін рамазан айының соңғы 10 күндігінен іздеңдер”, (3 сурет) деген. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза ұстаған адамды ұнамсыз сөздер мен жағымсыз іс-әрекеттерден тазарту әрі кедейлерді тамақтандыру үшін пітір садақаны парыз етті. «Кім оны (айт) намаздан бұрын берсе, ол зекет болып қабылданады, ал намаздан кейін берсе, жай ғана садақа болып есептеледі» деді (Әбу Дәуіт, Ибн Мажә). Ханафи мәзһабында пітір садақа екі келі бидай (ұн, талқан, т.б.) не мейізбен немесе төрт келі құрма не арпамен есептеледі. Дегенмен азық-түліктің орнына пітір садақаға оның ақшалай құнын бергені абзал («Әл-фәтауа әл-һиндия». Қазіргі таңда бидайдың өзі емес, ұн, талқан секілді оның өнімдері кең қолданылады. Сол себепті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаны ұнмен есептеуге пәтуа берген. Сөйтіп биылғы 2021 жылы пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері екі келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Тұрмысы нашар, яғни артық мал-мүлкі нисаб мөлшеріне жетпеген кісі пітір садақа беруге міндетті емес, сауап үшін беріп жатса өз еркі. Алайда садақаны өзінен де жағдайы төмен адамға бергені дұрыс. Қайтыс болған адамдар үшін пітір садақа берілмейді . АЛЛА тағала ниетімізді қабыл еткей. #😊🇰🇿🕌🕋🍼👼🏻👨‍👩‍👦‍👦💞🏘📚🌎🍞🥛🍯🤝🏇🕊☀️