Please enter your e-mail address. We will send your password immediately.

Төлеш, туған күніңізбен! Жаза беріңіз, жасай беріңіз! АБАДАН Дархан жүректі дара дарынды Далада қылды жалпы алаң, Ақиық ақын~Абадан ұлды, Алдыра алмадық Арқадан... Қарындас Елге қарастың дәйім, Байтаққа бүтін бақ тілеп. Ауылдан жырлап Алаштың жайын, Астанадан зор Ақтүбек! Әлеміміз~жыр, әуеніміз дүр, Атажұрт анау арда қыр. Әуел бастағы әуегіміз бір, Жұмыр жүрек бір, қан да бір! Жаңаарқа жақта жылиды көрпең, Ұлықтап жүрсең Ұлт қамын. Шуландар шулап, ұлиды Бөртең, Көз майы құрып Құртқаның... Өренің өссін ғажайыптарша, Өрлігің дарып, өрең де... Атай мен Арлан азайып қалса, Шілбөрі шабар шөгелге! Мидай майданда топ жардың анық, Кірбің салса да кәрі ажал... Соқырдан Серек,Көкжалды танып, Қарақұлақтан~Қаражал! Жерұйық болар Далада мынау, Шыңнан да биік шыққанда Ар! Дамылдай көрме,Абаданым-ау, Құтырып кетер құтпандар... Керемет көрсек таңданайық па, Қаған да туса қарадан?! Алаш аманат алмағайыпта, Аман жүр,асыл Абадан! Қас~Саққа қандас қадірің бөлек, Ұжданды туған Ұлыс ек... Итті иесі, Ал,сені жүрсін Тәңірің жебеп, Бөрінің сойы~Бірішек! Ержан АЛАШТУҒАН. @tolegen_jamanov_fan @_alashtugan_