Please enter your e-mail address. We will send your password immediately.

Осы күндері ерекше бір күйдемін😇 Жүрегімде тыныштық, көңілімде шүкір, тілімде зікір🤲 “ Қасиетті Рамазанның” қасиетін осы жолы ерекше сезініп жатқандаймын😍 Ораза ұстауды студент кезімнен бастадым ғой жалпы. Одан бергіде бір жылы аяғым ауыр, бір жылы емізулі шақ, босанып жатамын, ораза ұстаудың орайын бір келтіре алмай қалатынмын. Осы жылы он екі айда бір келетін сауабы мол рамазаннан құр қалғым келмеді. Айзөниіміз шүкір, 8 айға толып, қосымша тамақ ішетін болып өсіп қалды. Оны да ескеріп, ештеңеге қарамай қатты ниет етіп, тастай бекініп бастап кеттік. “ Бастапқы күндері аздап әлсіздік болады” деп жатушы еді, сезбедім. Сондай бір жайлы, рақат, жағымды күйде Аллаға шүкір міне 3-күн өтіп жатыр. Алғашқы рет ораза ұстаған адам сияқтанып қобалжып, толқып, Алланың құдіретін ойлап көзге жас, көңілге иман ұялап, тамаша күйдемін. Ал Құрметті Оразашы, сіздің алғашқы 3 күн қалай өтті ☺️?!
Өнерде және өмірде ізімнен еріп келе жатқан ақылды- парасатты, ұстамды да сүйкімді сіңлілерім көп-ақ. Солардың бірі де бірегейі - Жұлдызды бүгінгі туған күнімен құттықтаймын🥳👏 ⠀ Өмірге келген күнің құтты болсын @zhuldyzabdukarimovaofficial 😘👏 ⠀ Өзіңді сондай саналы, салиқалы, сабырлы деп таныдым. Етене жақын болмағанмен, мен сенің өте мықты, ақылды әйел екеніңді әрқашан сезіп, білемін. Себебі, сен жүрген жолдар маған бейтаныс емес. Ол жолдармен мен де жүріп өттім. Демек, өнер адамына жар болудың қызығы мен шыжығын, қиыны мен қисынын бір адамдай түсінем. ⠀ Жан жолдасың жаныңнан табылғанын қалағанда бола алмауы, керек кезде келе алмауы, өнер жолында отбасынан жырақтап, оны күту, жолын тосу... Бәрі де нәзік жанды әйел баласының бір басына оңай емес. ⠀ Өнер адамдары, өнердегі адамның жары - біздер, әрқашанда сыртқа жүнді қампайтып көрсеткенмен, ішкі сырымызды жасырып қалып жатамыз. Талап солай ма, солай болуы керек пе мүмкін. ⠀ Десе де сенің аяқ алысың мен сөз саптауыңды жазған посттарыңнан, айтқан ойларыңнан-ақ аңғарып, өте тәрбиелі,өнегелі, парасатты екеніңді бағамдаймын. ⠀ Қазіргі күніңе өзіңнің ақылың мен мықтылығың, сабырың, күшіңмен келдің. Қайраттай халық сүйген ұлдың асыл жары, асықтай ұл мен қыздардың анасы, өзің иненің көзінен өткендей сұлу Жұлдыз, сен - жеңімпазсың! Әрқашан осы биігіңде қал! Шаршама! Талма! Биікке самға! Туған күнің құтты болсын! Ата-анаң мен ұл- қыздарың, туған-туыс бауырларың, балаларыңеың әкесі аман болсын🤲 Бақытты бол әрқашан! Шын бақытқа лайықтысың! Туған күніңмен қазақтың жүлдызының Жұлдызы @zhuldyzabdukarimovaofficial 💐
Қош келдің айлардың сұлтаны - Рамазан! Құрметті менің оқырманым, тыңдарманым, күллі қазақ елі, Рамазаннан Рамазанға аман есен жетуімізбен баршаңызды құттықтаймын! Шындығында, әр Рамазан Алланың шексіз сыйы😍 Бірақ бұл Рамазан біраз басқаша. Себебі әлем бойынша індеттен бақилық болған мың, миллиондаған жан бұл оразаға жеткен жоқ. Өзімнің де ең асылым, ет жақыным, қаншама аралас-құралас ағайыным озды. Ал солардың арасынан Алла сіз бен бізге тағы бір мүмкіндік берді. Ақыретке амал жасап қалу үшін, қоржынымызға сауап жинап салу үшін алдымызда Қасиетті Рамазан❤️ “Сен Рамазанда қандай болсаң, сен шын мәнінде сондайсың” дегенді естуім бар. Жүректе қалып қойған осы бір сөздің мәні: Рамазанда барша азғырушы жаратылыс кісенделіп, адам өз нәпсісімен бет пе бет қалады екен. Яғни бұл - сен. Сенің өзің ғана! Алла екі дүниеде де абырой берсін🤲 Бүгін түнде сауабы мол тарауық намазын, таңда берекелі сәресін жасаймыз бұйырса🤲 Алла тек өзінің разылығы үшін жасалған амалдарымызды қабыл етсін🤲 Қымбатты халық, қадірлі жамағат! Бәріңізге күнаға кешірім, жүрекке мейірім, көңілге берік иман, ақылға нұр тілеймін🤲 Оразаңыз қабыл болсын ұстаған жан!
Бұл туған күн бұрынғыдан өзгеше😍 Жаныма кілең жақсы адамдар жиналып, тосын сыймен таңғалдырып тастады👏 Ешкімді “туған күнге кел” деп арнайы шақырған жоқпын. Мынадай уақытта, бәрі белгілі ғой. Стамбулдан 70-тегі апай құттықтап келіп бастап, оны құрбы-достар қоштап, күтпеген жерден шағын туған күн кеші үлкен бір тойға ұласты😍Дәл осылай болады деп күткен де жоқпын. Десе де,жақындарымның ықыласы мені қатты қуантты🥰 Осыншама ізет-құрметке бөленіп жатырмын, бақыттымын☺️Ол да болса жақсы ниет, ақ жүрегімнің арқасында шығар, Аллаға шүкір🤲 Кіл игінің басын қосып, өте әдемі кешті ұйымдастыруға атсалысқан барша жақын-жақсыларыма рақмет👏Алыс-жақыннан келіп жеткен жақсы адамдарым өздеріңізге көп алғыс! Алла көңілдеріңізді көтерсін🤲 Сыйлап келген сіздерді Алла сыйласын, қолдасын🤲Құттықтап жатқан, жақсы тілек жаудырған бар қазағыма Алладан еселеп қайтсын деп тілеймін! Жақсы адамдарым, жақсы адамдарым❤️ Кем емессіңдер патшадан бәрің✊👍 @kydyrali_bolman @aidyn_nury @meirkul_uakhitovna @altynaizhorabayeva @marjan_amirtay @zhali_zh @prosto_inara @yerkhan_m @meruyert_issak @diamonds_2525 @royalclubalanya
Мынау видеодағыдай отырыстарды аңсағанымыз, жаны жайсаң жақсы адамдармен бас қосуды, көңілді ән, келелі әңгімені сағынғанымыз рас. Бұл бір достарымыздың шаңырағындағы құдалықта әндетіп тұрған сәт. Қазақтың тойларының ішіндегі ерекшесі, елеулісі құдалықтың орны бір бөлек қой шіркін. “ Құданы Құдайыңдай сыйла “ деп қазақ құдасын ерекше сән-салтанатымен күтеді. Екі елдің арасында жасалатын кәде-сыйы, жөн-жоралғысы өз алдына бөлек әңгіме☺️ Жиған-тергенін баласының қуанышына шашатын ата-ана көп жағдайда қарызданып-қауғаланып той жасап жатады. Меніңше олай қарызданып той жасағанша үлкендерден бата алып,екі жақ қосылып жиналып жастардың үй болып кетуіне ықпал жасағаны жөн сияқты.Бірақ әрине әр кім өзі біледі ғой☺️ Жалпы сіздің жақта құдалықтың жөні,реті қалай? Ой бөлісе отырайық🤗 Десе де, қазақтың бар жиғаны тек тойға шашылсын, қуанышқа бұйырсыншы🤲 #құдалық#архив